Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Террористер қауіпті вирус таратып жатыр": Ақтау тұрғындарын телефонға келген хабар шошытты

Опубликовано:

"Ислам мемлекеті" (ИМ, ИГИЛ – Қазақстанда, Ресейде және басқа бірқатар елде тыйым салынған террорлық ұйым) террористері халық арасында қауіпті вирус таратып жатқаны туралы мессенджер арқылы тараған хабар Ақтау тұрғындарының зәре-құтын алды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Ескерту! Кімде-кім "біз медициналық мектептенбіз, қандағы қант мөлшерін тегін тексереміз" десе, бас тартыңыздар. Бірден полицияға хабар беріңіздер. Олар — I.S.I.S террористері, олар қанға вирус енгізіп жүр. Отбасы және достарыңызға осы ақпаратты таратыңыздар", - деп жазылған хабарламада.

Маңғыстау облысының полиция департаменті хабарламадағы ақпаратты теріске шығарып, жалған мәлімет деп атады.

Онда "фейк" ақпараттың бүкіл белгілері бар:

  • Нақты елді мекен немесе күн көрсетілмеген;
  • Ақпараттың дереккөзі белгісіз;
  • Ресми органдар растамаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774060-terrorister-kauipti-virus-taratyp-zatyr-aktau-trgyndaryn-telefonga-kelgen-habar-sosytty/

pixel