RU

Астанада әйелдерге шабуыл жасайтын ұрылар қолға түсті (фото)

Астана қаласының полицейлері әйелдерге күш көрсетіп6 олардың сөмкелерін тартып алған 4 адамнан тұратын қылмыстық топты ұстады деп хабарлайды полиция департаментіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Астана полиция департаменті
Фото: Астана полиция департаменті: UGC

Елорда тұрғыны 18 қаңтарда күні сауда-ойын сауық орталығының жанында белгісіз біреулер күш көрсетіп, сөмкесін тартып алғанын айтқан.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында көп ұзамай 4 күдікті қолға түсіп, уақытша қамау изоляторына қамалды.

Заттай айғақтар, олардың уақытша тұрып жатқан жерлерінен тәркіленген.

Қазіргі уақытта тонау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.

Сонымен қатар ұсталғандарды басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.

Полиция департаменті ұсталған азаматтардан зардап шеккен жағдайда Астана қаласының (Бейбітшілік 19) немесе 8(7172) 71-61-51; 8-777-303-36-07 , "102-ге" хабарласуды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1774063-astanada-jelderge-sabuyl-zasajtyn-rylar-kolga-tsti-foto.html