RU
Алматыда өткен жарыс кезінде қырғызстандық жас бала мерт болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда өткен жарыс кезінде қырғызстандық жас бала мерт болды

Рассказать Вконтакте

2003-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында өтетін бессайыстан Қазақстанның ашық қысқы чемпионаты кезінде орын алды қайғылы оқиға орын алды. Қырғызстаннан келген 14 жастағы жарысқа қатысушы кенеттен көз жұмды деп хабарлайды SportX.kz.

Ел біріншілігі 18 қаңтарда дарынды балаларға арналған республикалық мектеп–интернат базасында басталды. Турнирге Қазақстан мен Қырғызстаннан 30 жасөспірім қатысты.

Олар бағдарламаның екі түрі — семсерлесу мен 200 метрге еркін стильде жүзу сайысында өнер көрсетіп үлгерді.

Төтенше жағдай 2400 метрлік жеңіл атлетикалық кросс кезінде орын алды.

"Қырғызстаннан келген 14 жастағы жеткіншек жығылып кетіп, жолға құлады. Оған медицина қызметкерлері дереу арада алғашқы көмек көрсете бастады.

Жедел жәрдем шамамен 20-30 минуттан кейін келді. Ол кезде жасөспірім әлі тірі еді. Бірақ қырғызстандық бессайысшыны құтқару қолдарынан келмеді", — деп мәлімдеді куәгер.

Оқиға болған кезде жарыс бірден тоқтатылып, Қазақстанның ашық біріншілігіне қатысушылардың барлығынан ғимаратты босатуы сұралды.

Аяқ астынан көз жұмған қырғызстандық қатысушының өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз.

Сіздің реакцияңыз
1
2
1
10
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel