RU

"Қауіпті вирус тарайды": Террористер туралы хабарлама Ақтау жұртын шошытты

Маңғыстау полицейлері әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде таратылған лаңкестердің әрекеті туралы хабарламаларды жоққа шығарды деп хабарлайды "Лада".

аррарара
Көрнекі фото: Kwork: UGC

Ақтау қаласының тұрғындары адамдарға қауіпті вирус таситын лаңкестер (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) туралы хабарламалар таратуда.

"Ескерту... Біреу сізге келіп, біз медициналық мектептенбіз, қандағы қантты тегін тексергіміз келеді дейтін болса, тест тапсырмаңыз. Жедел түрде полицияға қоңырау шалыңыз", - деген мәтініндегі хабарламаны ақтаулықтар әлеуметтік желілерде белсенді таратуда.

Сонымен бірге, "Лаңкестер адам ағзасына вирус енгізеді", - деп хабарланған.

Полиция департаменті мұның жалған ақпарат екенін алға тартып, террорлық топтардың вирусты жұқтырған мүшелері туралы мәліметтерді де жоққа шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1774129-kauipti-virus-tarajdy-terrorister-turaly-habarlama-aktau-zrtyn-sosytty.html