RU
Елімізде имамдар мен дін қызметкерлері қанша жалақы алады?
Жаңалықтар Қоғам

Елімізде имамдар мен дін қызметкерлері қанша жалақы алады?

Рассказать Вконтакте

Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың шешімен өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын мешіттердің имамдарына 50 мың теңге көлемінде жалақы берілді. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.  

"Қажылық қоры" есебінен 103 имамға қаржы аударылған.

"Еліміз бойынша 2058 ауылдық мешіт бар. Оның басым бөлігі өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын мешіттер.

Ауылда айлықсыз қызмет ететін дін қызметкерлерін толықтай жалақымен қамтамасыз ету жоспарымызда бар. Алғашқы кезең бойынша бүгін 103 ауыл имамына "Қажылық қоры" есебінен 50 мың теңге қаражат аударылды.

Осылайша, имамдардың әлеуметтік мәселесін кезең-кезеңімен шешуді көздеп отырмыз", – деп атап өтті ҚМДБ Төрағасы Серікбай қажы Ораз.

Айта кетейік, еліміз бойынша 2626 мешітте 6189 адам қызмет етеді. Оның 4 мыңға жуығы – дін қызметкері.

Жалпы дін қызметкерлерінің 30 пайызы ғана толыққанды жалақымен қамтамасыз етілген.

Сіздің реакцияңыз
7
0
1
0
1
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel