RU
Алматы-Өскемен тас жолында 400-ден аса адам қар құрсауында қалды (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматы-Өскемен тас жолында 400-ден аса адам қар құрсауында қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

20 қаңтар күні Алматы-Өскемен Республикалық маңызы бар автожолының 681 шақырымында қатты боран салдарынан сағат 03: 50-де кептеліс пайда болды. Нәтижесінде, 90-ға жуық автокөлік қар құрсауында қалды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасай отырып.

ррррр

Фото: ІІМ ТЖК

Трассаның 680 шақырымында 7 автобус, 45 үлкен жүк көлігі, 30 жеңіл автокөлік және 8 "ГАЗель" тұрып қалды. Қар құрсауында қалған адамдардың жалпы саны шамамен 420-ға жуықтаған.

"Арнайы техниканың 2 бірлігі мен жеке құрамның 5 адамы, сондай-ақ, ТЖК Шығыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының 8 адамы мен арнайы техниканың 4 бірлігі төтенше жағдай орын алған жерге адамдарды барлау және эвакуациялау үшін аттанды", - деп хабарлады ведомство өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Сонымен бірге, "Қазақавтожол" 4 бірлік қар тазалағыш техникасы жіберілді.

Осы учаске бойынша қозғалыс 20 қаңтар, сағат 12:00-ден бастап жабылды. Сондай-ақ, Тасқала ауылындағы мәдениет үйінде жылыту пункті жабдықталған болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel