Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Канадалықтар Денис Тен өнер көрсеткен композициямен ел алдына шықты (видео)

Опубликовано:

Канадалық мәнерлеп сырғанаушылар Кейтлин Вивер мен Эндрю Поже өз елінде өткен чемпионатта Денис Теннің өнер көрсеткен туындысымен ортаға шықты деп хабарлайды goldenskate.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Instagram

Кейтлин мен Эндрю "Starmania" француз мюзиклінің "SOS d'un terrien en détresse" әнін таңдаған.

Кейтлин Вивердің айтуынша, олардың бұл орындауына Денис Теннің өнер көрсетуі себепші болған. Олар тіпті, бұл композиция қымбат адамды жоғалтқанын еске түсіретінін де жасырмады.

"Бұл бағдарлама жақынын жоғалтқан адамның сезімін бейнелейді. Біз өте қымбат досымызды жоғалттық. Бүгінгі эмоциялар ең шынайы болды", - дейді Кейтлин.

Канадалық мәнерлеп сырғанаушылар бұл орындауларын өз-өзіне қол жұмсап, қаза тапқан досы Джон Кафлинге арнағандарын айтты.

Айта кетейік, Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесі күні көлік ұрыларының қолынан қайтыс болды.

Ал 2019 жылдың 17 қаңтары күні кінәлілерге сот үкімі шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774157-kanadalyktar-denis-ten-ner-krsetken-kompoziciamen-el-aldyna-sykty-video/

pixel