RU
"Бақытын табады": Белгілі экстрасенс Ерке Есмаханның болашағына болжам жасады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Бақытын табады": Белгілі экстрасенс Ерке Есмаханның болашағына болжам жасады

Рассказать Вконтакте

Сүйгенін Қазақстанның түпкір-түпкірінен әндетіп жүріп іздеген Ерке Есмахан биыл тұрмысқа шығуы мүмкін. Белгілі экстрасенс Назгүл Ермекқызы әншінің болашағына қатысты осындай болжамдарымен бөлісті. Бұл туралы "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

"Бұл әншінің аурасы өте таза. 2019 жылдың соңы мен 2020 жылдың басында жеке өмірінде өзгерістер енуі керек. Отбасын құруы мүмкін. Өз бақытын табады.
Бұл кісіге бір ғана айтатын нәрсем: рухани жағынан даму керек. Имандылыққа бет бұру керек", - дейді Назгүл Ермекқызы.

Айта кетейік, әнші бұрын танымал журналист Асхат Садырбаймен некеде болған.

Олардың ортақ ұлдары да бар. Алайда дәм-тұзы жараспаған жұлдызды жұптардың жолы екіге айырылған.

Әнші отандық бағдарламалардың бірінде алғашқы жарының өзіне жүкті кезде қол көтергенін де баяндап берді.

Бүгінгі таңда Асхат Садырбай екінші рет шаңырақ көтеріп, әке атанса, Ерке қайта тұрмысқа шықпады.

Тіпті осыдан біраз уақыт бұрын Асхат Садырбайдың анасы келіні Ерке жайлы бар шындықты айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel