Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлын екі рет соғыстан алып қалған бақсының адам сенгісіз оқиғасы жайлы не білеміз?

Опубликовано:

Түркістан қаласының Қосқорған ауылында тұрған Қалдыбай бақсының басынан көптеген адам сенгісіз оқиғалар өткен. Тіпті Ұлы Отан соғысы кезінде қобыздың көмегімен екі рет ұлын әскерден алып қалған деп жазады "Замана" басылымы.

zamana.kz
Көрнекі фото:zamana.kz: Facebook

Қалдыбай бақсы 1890 жылы дүниеге келген. Оның екі ұлы, бір қызы болған. Қазір 20 аса немере мен 40-қа жуық шөберелері өмір сүріп жатыр.

Ұлы Отан соғысы басталғанда бақсы колхоздың 800 қойын бағып жүрген. Ұлы Фазілах оның көмекшісі болған екен.

Соғыс басталғаннан кейін 1941 жылы желтоқсанда ұлын әскери комиссариатқа шақыртады.

Мұны естіген бақсы түнімен қобызын тартып, таңертең ұлын әскери комисариатқа шығарып салған.

Алайда жол бойы ұлының көзінен жас тоқтамай ағып, оны көрген көз дәрігері оны ауруханаға жатқызып, әскерге жібермейді.

Осыдан екі жыл өткен соң Фазілахты тағы да әскерге шақырқан. Бұл жолы да Қалдыбай бақсы қобызын түнімен зарлатып, зікір салып, таңертең баласын әскери комиссариатқа аттандырған.

Комиссия алдына барған Фазілахтың тағы да көз кінәраты табылған, сонымен қатар басы айналып, құсқысы келіп, құлап қалатындай жағдайда болған. Комиссия басшысы оны әскерге жарамсыз деп тапқан.

Осы бір тылсым жағдайдың құпиясы сол күйі ашылмапты. Ұлы да, әкесі де бұл жайында ешкімге тіс жармаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1774174-lyn-eki-ret-sogystan-alyp-kalgan-baksyny-adam-sengisiz-okigasy-zajly-ne-bilemiz/

pixel