Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтарға 5 пайыздық ипотека ұсынылды

Опубликовано:

АТФ Банк банктің кепілдік және жекеменшік жылжымайтын мүлкін жеңілдік арқылы сатпақ.

Қазақстандықтарға 5 пайыздық ипотека ұсынылды

Құрылысшылар Одағының мәліметтері бойынша, Қазақстанда 2,5 млн адам тұрғын үйге мұқтаж және олардың саны жыл санап артып келеді. Мысалға алар болсақ, Алматы қаласында тұрғын үй кезегінде 22 мыңнан аса адам тұр. Оған қоса, жыл сайын мегаполисте 15 мың жұп неке қиып, жанұялар санын толықтыруда. Бұл да әр жыл сайын баспанаға зәру жандардың саны артатынына дәлел бола алады.

Ал оңтүстік астанаға әр өңірден қоныс аударатын жастар мен жанұяларды есепке алар болсақ, үйге мұқтаж жандардың саны ондаған мыңмен есептеледі.

Сонымен, құрылыс салушылардың ең аз есебі бойынша, бүгінде Алматыда тұрғын үйге деген қажеттілік 18 млн шаршы метрді құрап отыр. Ал қалада жылына салынатын үй көлемі 1 млн шаршы метрден аспайды.

Бұл ретте жылжымайтын мүлікке өздігіңнен ақша жинаудың мүмкін емес екені анық. Сондықтан, қазақстандықтар үшін жеке баспанаға ие болудың жалғыз жолы әлі де ипотека болып отыр.

Бүгінде ипотеканы көптеген қаржылық институттар ұсынған. Олардың шарттары: қымбат банктік өнімдерден жеңілдікті мемлекеттік бағдарламаларға дейін. Сонда да, жүздеген қала тұрғындары Қазақстан бойынша жалдамалы пәтерлерде көшіп жүр.

Тұрғындардың жалақылары "жарнамаланған ипотекаға" жетпейді. Ал мемлекет ұсынған жеңілдікті бағдарламаға азаматтың жасы немесе қызмет түрі (барлығы мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер емес) ,тағы басқа да деректері сәйкес келмей қалуы мүмкін.

Қаншама отбасы өсіп келе жатқан балаларына үй сыйлап, өмірлеріне жақсы бастама беруді қалайды! Бұл ретте олар қалталарынан қағылып, қол қусырып та қалғысы келмейді.

Қазіргі уақытта бұл мүмкіндікті жүзеге асыру мүмкіндігі туды. АТФ Банктегі ипотекалық несиелеудің жаңа бағдарламасы ипотекаға болса да, нақты түрде жеке баспана алуды көздеген жандарға арналған. Ол арқылы банктің кепілдік және жекеменшік мүліктерін мемлекеттік әр өңірінен жылына 5 пайызбен 20 жылға алуға болады!

Шарттар өте қарапайым:

  • Несие беру мөлшерлемесі жылдық 5% (ЖТСМ 5,3%-дан бастап )
  • Алғашқы жарна 20 %-дан бастап
  • Несиелеу уақыты 240 айға дейін

Осы бағдарлама бойынша сыйақының төмен мөлшерлемесінен басқа АТФ Банк несие берудің ыңғайлы мерзімін және қарызды айыппұл санкцияларынсыз мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігін қарастырды. Оған қоса, қорытынды артық төлем нарықтан әлдеқайда аз болмақ.

Мысалға алар болсақ, сіз 20 млн теңгелік пәтерді 5 пайызбен 15 жылға алар болсаңыз, бастапқы жарнаны алып тастағанда қарыз сомасы- 16 млн теңге, ал ай сайынғы төлем-126 527 теңге болады.

Банктің кепілдік және жекеменшік мүлкінің тізімін қарау, одан талғамға және бағаға сәйкес келетін пәтерді таңдап, науқан шарттарымен танысу төмендегі сілтемелер арқылы жүзеге асады:

https://www.atfbank.kz/private-clients/credits/aktsiya-po-ipotechnomu-kreditovaniyu және

https://www.atfbank.kz/holding/ .

Айта кету керек, бұл науқан мерзімсіз емес. Егер сіз аталған мүмкіндікті пайдаланғыңыз келсе, 2019 жылдың 30 қыркүйегіне дейін үлгергеніңіз абзал.

Қазақстандықтарға 5 пайыздық ипотека ұсынылды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774180-kazakstandyktarga-5-pajyzdyk-ipoteka-synyldy/

pixel