RU
Мұғалім алты жастағы қызды құтқару үшін джиптің астына өзі түсті
Жаңалықтар Әлемде

Мұғалім алты жастағы қызды құтқару үшін джиптің астына өзі түсті

Рассказать Вконтакте

Ирландияда 30 жастағы мектеп мұғалімі Дон Кроук алты жастағы қызды келе жатқан джиптен құтқарып, өзі көліктің астына түскен деп хабарлайды LIfe.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Дон Кроук. Фото: facebook/Dawn Croke

Дон Кроук. Фото: facebook/Dawn Croke

Оқиға Ирландияның Данглау елді мекенінде болған.

30 жастағы екі баланың анасы, сұлулық байқауының жеңімпазы сол күні жергілікті мектептің аумағында серіктесі Пэдди Макхью және оның алты жастағы қызымен тұрған.

Мұғалім бір сәтте төніп келе жатқан қауіпті байқап, джиптің астына өзі түсіп, алты жастағы қызды құтқарып қалды.

Марқұм мұғалім оқиға орнында көз жұмған.

Ал қыз бала тез арада ауруханаға жекізілген. Оның жамбас сүйегі мен аяғы сынған.

Дәрігерлердің айтуынша, қыздың өміріне еш қауіп тұрған жоқ. Ол толықтай қалпына келуі тиіс.

Айта кетейік, Дон Кроук дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болған. Оның әкесі де осы оқу орнында жұмыс істепті.

Дон Кроук. Фото: facebook/Dawn Croke

Дон Кроук. Фото: facebook/Dawn Croke

Мектеп ұжымы ұстазды аза тұтып, оқу орнының есігін екі күн жауып тастаған.

Полиция қызметкерлері тергеуді бастаған.

"Оны оқушылар мен әрпітестер қатты жақсы көрді. Донның қазасы бәріміздің көңілімізді босатты". - деді отбасылық досы Пэт Галлахер.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
12
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel