RU
Бүркіттің қарындасы төстартқышпен түскен суретін жүктеп, елдің ашуына тиді (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Бүркіттің қарындасы төстартқышпен түскен суретін жүктеп, елдің ашуына тиді (фото)

Рассказать Вконтакте

Желіге төстарқышпен түскен суретін жүктеген Бүркіттің қарындасы елдің қатаң сынына ұшырады. Көпшілік Әсел Асқардың ашық фотосын ерсі санап, оны қызу талқыға салған деп жазады NUR.KZ.

Instagram-да поэзиямен танылған ару бүгінде ел танымастай өзгеріп кеткен. Желідегілер бұған дейін өзінің парақшасына мүлде қысқа киімді фото жүктемеген Әсел Асқардың образдары барған сайын ашық бола бастағанын айтады.

Бүркіттің қарындасы соңғы фотосессиясында тіпті, іш киіммен ғана түскен. Актрисаның бұл әрекетіне ашуланған желі оқырмандары оған бірден сыни пікірлер жаудырды.

"Сен де шешінуді бастадың ба? Жұлдыздар арасында жаңа флешмоб пайда болған ғой деймін", "Ұяты жоқ мүлде, енді сен де шешініп шықтың ба? Қазақ қыздарына не болған?" , "Мына көрініспен барлық поэзиян шайылып кетті" , "Атың шықпаса жер өрте деген осы болар"
"Ал керек десе! Асель казақ халқына өзінің өлеңдерімен танымал кызымыз, шешініп 10.000 теңге берем деп комент жинап отыр. Бүркіт ағасы қолдағаны ғой ендеше. Мың оянсам да, сенуге қиын маған, мына суретіңізге. Ренжімеңіз,оқырмандарыңызға бірақ сыпайлы, инабатты болып жүргеніңіз ұнайды" , - деп жазған желідегілер.

Сіздің реакцияңыз
35
2
2
3
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel