RU
"Охотзоопром" инспекторының өліміне қатысты күдіктілер ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

"Охотзоопром" инспекторының өліміне қатысты күдіктілер ұсталды

Рассказать Вконтакте

"Охотзоопром" инспекторы Ерлан Нұрғалиевті өліміне қатысты күдікті азаматтар Қызылордада ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаевқа сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Фото: ІІМ баспасөз қызметі

"Бүгін 21 қаңтарда Қызылордада ІІМ криминалдық полиция департаментінің жедел қызметкерлерімен жүргізілген арнайы операция нәтижесінде жеке үйлердің бірінен 13-ші қаңтар күні Қарағанды облысы, Нұра ауданының территориясында өзінің қызметтік міндетін атқарып жүріп, қаза болған "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК инспекторы Нұрғалиев Ерлан Балғабекұлының өліміне қатысты үш күдікті ұсталды", - деп хабардар етті Садубаев.

Ол қазіргі уақытта дәлелдерді жинау мен бекітуге бағытталған тергеу жұмыстары жүріп жатқанын, үш күдікті де уақытша тергеу изоляторына қамалғанын атап өтті. Сот алды тергеу жұмыстары жалғасуда.

Еске сала кетейік, "Охотзоопром" компаниясының екі қызметкеріне браконьерлер шабуыл жасаған болатын. Бұл оқиға Қарағанды облысындағы инспекторлардан қашып кетпек болғандардың ізіне түсу кезінде орын алған.

Салдарынан қызметкерлердің бірі Ерлан Нұрғалиев ауруханада көз жұмды. Ал тірі қалған қарағандылық инспектор оқиғаны баяндап берген еді.

Ақбөкендерді қорғаймын деп ажал құшқан инспекторды кеше ақтық сапарға шығарып салды.

Артынша марқұм болған инспектордың өліміне күдікті деп танылған азаматтарға іздеу жарияланған еді.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel