Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да кептеліс: 230-дан астам көлік жолда қалды (видео)

Опубликовано:

ШҚО өткен жексенбіде жауған қар салдарынан адамдар мен көліктер тас жолда әлі тұр деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

Бұл туралы ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов хабарлады.

Оқиға орнында 231 автокөліктің қалғаны анықталды.

Эвакуациялаудан бас тартқан жүргізушілерге көлікке арналған жанармай мен отын ұсынылды.

Мамандар тас жолды қардан тазартумен айналысуда.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

Еске сала кетсек, өткен жексенбі, 20 қаңтар күні "Алматы - Өскемен" тас жолында 400-ден аса адам қар құрсауында қалған болатын.

Құтқарушылар жолда қалған адамдарды жақын маңдағы ауылдарға жеткізген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1774222-sko-da-keptelis-230-dan-astam-klik-zolda-kaldy-video/

pixel