Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев Ақордада Зимбабве президентін қабылдады (фото)

Опубликовано:

Астанаға ресми іс-сапарымен келген Зимбабве президенті Эммерсон Мнангагва бірден мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Шетелдік мейманды Ақордада салтанатты түрде қарсы алды деп жазады NUR.KZ.

Фото: Алена Бутенко / NUR.KZ
Фото: Алена Бутенко / NUR.KZ: Original

Эммерсон Мнангагваны президент резиденциясының кіреберісіне қызыл кілем төсеп, арнайы әскерилермен қарсы алған.

Зимбабвенің түрлі түсті туының қасында оны Нұрсұлтан Назарбаев күтіп алды. Мнангагва өзін жылы қарсы алған тарапқа қолын созып, жылы лебізін білдірді.

Фото: Алена Бутенко / NUR.KZ
Фото: Алена Бутенко / NUR.KZ: Original

Зимбабве президенті Қазақстанға бір өзі ғана емес, жеті адамнан тұратын делегциясымен келген.

Екі елдің әнұраны орындалған соң, мемлекет басшылары кездесу залына кіріп кетті.

Фото: Алена Бутенко / NUR.KZ
Фото: Алена Бутенко / NUR.KZ: Original

Бұған дейін Мнангагва Ресей, Беларусь және Әзірбайжан елдеріне де арнайы іс-сапарымен барып қайтқан. Ол президенттік "турнеге" инвестиция іздестіру мақсатында аттанды.

Фото: Алена Бутенко / NUR.KZ
Фото: Алена Бутенко / NUR.KZ: Original

Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, қазіргі таңда Зимбабведе қолайсыз кезең туындаған. Жанармай бағасының екі есе қымбаттауына байланысты мемлекетте наразылық шаралар жиілеп кеткен.

Эммерсон Мнангагва бұл оқиғаға қатысты Facebook және Тwitter парақшаларында өкінішін білдіруде. Алайда, ол өзінің іс-сапары нәтижесінде қол қойылған келісімшарттары елдің экономикалық мәселелерін шешеді деп үміт артып отыр.

Фото: Алена Бутенко / NUR.KZ
Фото: Алена Бутенко / NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1774223-nazarbaev-akordada-zimbabve-prezidentin-kabyldady-foto/

pixel