Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

22 қаңтарға арналған жұлдыз жорамал

Опубликовано:

Бүгін барлық зодиак белгілері үшін қолайлы күн. Сондықтан жақсы нәрсені ойлап, қуану керек. Қонақ шақыру үшін таптырмайтын күн. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 22-ші қаңтарға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынады.

2019god.net
Көрнекі фото:2019god.net: Facebook

1. Тоқты

Бүгін сымбатыңыз сізге көп жағдайда көмектеседі. Сүйкімділігіңізді керек жерде пайдалана білу қабілеттеріңіз күнді сәтті өткізуге және тағдырыңызды өзгертуге бір қадам жақындата түседі.

2. Торпақ

Бүгін көп жұмыс істеуге болмайды. Асығыстық болмаса, шаруларды кейінге қалдыруға болады.

3. Егіздер

Бүгін шаттық пен қуаныш серігіңіз болады. Бірақ көңіл көтеріп жүріп, қасыңызда жүрген адамдарды ұмытпаңыз.

4. Шаян

Бүгін өзіңізді рахатқа бөлейтін жоспарлар болмаса, дереу сондай жоспар құрыңыз. Достарыңызбен кездесіп, көңіліңізден шығатын жерге барып, өзіңізге тәтті алып, рахатқа бөленіңіз.

5. Арыстан

Бүгін мойныңызға тым көп жүк артып, жартысын басқаларға бөліп бергіңіз келеді. Алайда бұл шаттыққа толы күні ондай әрекеттерге барудың қажеті жоқ. Тек өз міндеттеріңізбен шектеліңіз.

6. Бикеш

Үй мен жұмыстың арасында жүріп жанталасасыз. Себебі екі жақта да сіздің тікелей қатысуынсыз шешілмейтін шаруалар болады. Бірақ мойымаңыз. Іскерлік мәселелерді жұмыс орнында, ал тұрмыстық мәселелерді үйде шешіңіз.

7. Таразы

Бүгінгі күн қуанышты хабарлар мен шаттыққа толы болады. Сондықтан осы күннен ләззат алуға тырысыңыз. Сонда болашақта сезді тек жақсылықтар күтетін болады.

8. Сарышаян

Бұл күн сіз үшін сынаққа айналуы мүмкін. Себебі таныстар мен туған-туыстардың бәрі сізді еске алып, сізбен хабарласады. Ал хабарласпаса, жүрегіңіздің жылуын кімге беріп жүрмін деген сауалға жауап беріңіз.

9. Мерген

Сіз бүгін жайдары болып қана қоймай, еңбекқор да боласыз. Сонымен қатар кез келген жағдайға бейімделе аласыз. Соның арқасында көптеген қиын мәселені шешесіз.

10. Тауешкі

Бүгін жаныңызға жақын адамдармен кездесесіз. Немесе жаңа таныстар табасыз. Қалай болса да, бүгін жұрт назарына ілініп, көптеген тосынсыйлар аласыз.

11. Суқұйғыш

Бүгін қолайлы күн, сондықтан өмір ағысымен жүзуге болады. Бүгінгі күннің энергиясы сізді өмірден ләззат алуға итермелейді. Тек ішімдікті ретсіз ішуге болмайды.

12. Балықтар

Бүгінгі күн қуаныш пен тосынсыйларға толы болады. Жұмыста кідіруге болмайды, неғұрлым көп қозғалыста болсаңыз, соғұрлым жақсы. Мереке күндері ала алмаған жақсы әсерлердің есесін қайтарасыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1774228-22-katarga-arnalgan-zldyz-zoramal/

pixel