Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық боксшылардың менеджері 2018 жылдың үздігі атанды

Опубликовано:

Бокс жайында жазатын америкалық журналистер қауымдастығы (BWAA) 2018 жылдың қорытындысы бойынша дәстүрлі түрде дауыс беру нәтижесі бойынша жеңімпаздарды анықтады. Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: sports.kz
Фото: sports.kz: Facebook

Өткен жылдың үздік боксшысы ретінде бірінші ауыр салмақтағы абсолютты әлем чемпионы украиналық Александр Усик танылды.

Рейтингтегі оның қарсыластары америкалық Теренс Кроуфорд, Майки Гарсия, Морис Хукер және отандасы Василий Ломаченко болды.

Жылдың ең үздік бапкері атағы қатарынан екінші рет Анатолий Ломаченкоға бұйырды.

"Жылдың менеджері" номинациясын литва-америкалық маман Эгис Климас жеңіп алды.

Ол Климас Ломаченко, Усик, Сергей Ковалев пен Александр Гвоздикадан басқа бірқатар қазақстандық боксшылар Жәнібек Әлімханұлы, Қанат Ислам, Мейірім Нұрсұлтанов, Мадияр Ашкеев, Асхат Уәлиханов және Сағадат Рахманқұловтың менеджері болып табылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1774248-kazakstandyk-bokssylardy-menedzeri-2018-zyldy-zdigi-atandy/

pixel