RU

Алматыда букмекерлік орталықты тонамақ болған қарақшылар видеоға түсіп қалды

Алматыда букмекерлік орталықты тонамақ болғандар күзетшіні аяусыз соққыға жықты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Depositphotos

Оқиға 20 қаңтар күні "Пари-Матч" букмекерлік орталығында болған.

Таңғы сағат бес кезінде бет-аузын бүркеген екі жігіт ойын орталығында алаңсыз отырған жігітті қатты затпен бас-аяғынан ұрып, тепкілеп тастапты.

Қан-жоса болған күзетші ауыр халде ауруханаға түскен.

Аталған жайтқа қатысты Әуезов аудандық ПБ бөлімшесінде сот алды тергеу жұмыстарын бастап, Қылмыстық кодекстің 192-бабымен іс қозғағанын мәлімдеді.

Қылмысқа барған күдіктілерді анықтап, ұстау шаралары жүргізіліп жатыр. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1774254-almatyda-bukmekerlik-ortalykty-tonamak-bolgan-karaksylar-videoga-tsip-kaldy.html