Выйти
RU

Әйгілі Брэд Питтің қандай актрисамен көңіл қосқаны белгілі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлемге әйгілі актер, Голливуд жұлдызы Брэд Питтің танымал актриса Шарлиз Теронмен көңіл жарастырғаны белгілі болды. Олардың кездесіп жүргеніне 2 ай болған деп хабарлайды The Sun басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Айта кету керек, Питт пен Теронды актрисаның бұрынғы күйеуі таныстырған. Жұлдызды жұпты демалыс күндері өткен кештердің бірінде байқап қалыпты.

Газет атап өткендей, бұл - Джолимен ажырасқаннан кейінгі актердің алғашқы маңызды махаббат хикаясы.

Теронның бұрынғы жігіттерінің арасында Киану Ривз, «Deadpool» жұлдызы Райан Рейнольдс және Шон Пенн бар.

Ал Питт болса Гвинет Пэлтроу, Дженнифер Энистон және Анджелина Джоли сияқты Голливуд сұлуларымен көңіл қосқан еді..

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әйгілі Брэд Питтің қандай актрисамен көңіл қосқаны белгілі болды