Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біреулер бір жылда табады": Әбдіжаппар тойдағы табысымен мақтанды

Опубликовано:

Қазіргі уақытта репертуарындағы әндер тойдың сәніне айналған Әбдіжаппар Әлқожа өзінің гонорары біреулердің бір жылда табатын табысына тең екенін айтты. Бұл туралы отандық әнші "Ел аузында" бағдарламасында мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.

Сахна серісі тойда орындалатын әндер туралы өз ойын жеткізді.

"Бүкіл қазақтың тойында біздің әндер, қазіргі жастардың әндері орындалады. Нұрболат Абдуллин, Серік Ибрагимов деген сияқты", - деді ол.

Сондай-ақ, хитмен гонорары туралы сұраққа мүдірмей жауап қатты.

"Біреулерге менің гонорарым жай ғана сөмкесінен алып бере салатын ақша. Ал біреулерге бір жыл бойы айналып жүріп табатын ақша", - деді Әбдіжаппар Әлқожа.

Дегенмен, әнші гонорарының нақты бағасын айтудан бас тартты. Ол бұл әрекетін халықтың жағдайына қараумен түсіндірді.

"Халықтың арасында біреудің жағдайы жетеді, біреудің жағдайы жетпейді. Сондықтан, мен гонорарымды айтсам, жағдайы жетпейтін кісілер мені сұмдық екен ғой деп, ал жағдайы жақсы кісілер бағасы осындай ғана ма деп ойлап қалуы мүмкін", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1774275-bireuler-bir-zylda-tabady-bdizappar-tojdagy-tabysymen-maktandy/

pixel