RU

Қостанайда жолаушылар автобусы мектептің қоршауын қиратып кетті

Қостанай қаласында жолаушылар автобусының қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Бұл туралы alau.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

фото: alau.kz
фото: alau.kz: Facebook

Оқиға бүгін 13:00-де Маяковский көшесінде болған.

№22 жолаушылар автобусы № 23 мектептің қоршауын қиратып кетіпті.

Оқу орнының директоры Бауыржан Сауытбаевтың айтуынша, зардап шеккендер жоқ.

"Уайымдаған ата-аналар қоңырау шалуда. Оқиға бірінші ауысымның балалары сабақтан шығып, екіншісінің оқушылары келіп жатқан кезде болған.
Бәрі орнында. Автобус ешкімге зиян келтірген жоқ. Тек мектеп қоршауының үш тірегішін құлатқан. Бірақ бұны да ретке келтірді", - деді № 23 мектептің директоры.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1774278-kostanajda-zolausylar-avtobusy-mektepti-korsauyn-kiratyp-ketti.html