RU

Қостанайда тонаушыларды өз бетімен жазалаған ер адам сотталып кетті

Қостанай қаласының №2 соты күш қолданып озбырлық танытқаны үшін қала тұрғынын екі жылға бостандығын шектеу үкімін шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ деп жазады alau.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

news.sputnik.ru
Көрнекі фото: news.sputnik.ru: Facebook

Оқиға 2018 жылдың 19 ақпанында болған. Екі азамат айыпталушыны тонап, ер адамның 5500 АҚШ долларын тартып алған.

2018 жылдың жазында қылмыскерлер "Тонау" фактісі бойынша сотталды.

Өзін тонап кеткеннен кейін жәбірленуші азамат полицияға шағымданудың орнына ағаш сақа алып, қылмыскерлердің соңына түскен.

Тонаушыларды қуып жетіп, сақамен соққыға жыққан. Кейін полиция шақыртқан.

"Айыпталушы берілген уақыт мерзімінде пробациялық бақылауда болады", - деп мәлімдеді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1774280-kostanajda-tonausylardy-z-betimen-zazalagan-er-adam-sottalyp-ketti.html