RU
"407-410 теңгеден аспайды": 2019 жылы доллар бағамы қанша болады?
Жаңалықтар Қоғам

"407-410 теңгеден аспайды": 2019 жылы доллар бағамы қанша болады?

Рассказать Вконтакте

Қазақстан қор биржасы (KASE) басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюк алдағы уақыттағы теңге бағамына қатысты өз пікірін білдірді деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігі.

Көрнекі фото: top.st

Көрнекі фото: top.st

Төраға орынбасарының болжамы бойынша, америкалық валютаның өсе беретіні туралы айтудың қажеті жоқ.

Себебі, доллардың рекордтық көрсеткіші 384 теңге болса, қазіргі уақытта "америкалық" арзандай түскен.

Андрей Цалюктің айтуынша, ол соңғы үш ай бойы курсқа қатысты өзгерістерге экспортшылар қызығушылық тудырып келеді.

"Ешкім жыл бойы бір долларға 407-410 теңгеден артық бағаны болжап отырған жоқ",- деді ол.

KASE басқармасы төрағасының орынбасары қыста ұлттық валюта бірнеше рет нығаюы мүмкін деп болжады. Содан кейін курсқа АҚШ-тың Ресейге қатысты санкциялық саясаты әсер ететін болады.

Сондай-ақ, Цалюк қазір әлемде дамушы нарықтарға қызығушылық артып келе жатқанын атап өтті. Осылайша, Вашингтон Қытай Халық Республикасымен келіссөздер бастаған. Ал бұл қазақстандық валютаның 2019 жылы тұрақты жағдайда болатынын көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз
6
5
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel