Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау тұрғындарын подъезде жайылып тұрған іш-киімдер таңғалдырды (видео)

Опубликовано:

Ақтаулық тұрғын көпқабатты үйдің кіреберісіне іш-киімдерін жайып қойған. Бұл туралы "Лада" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

Тұрғындар кіреберістің жоғарғы жағынан жайылып тұрған іш-киімдерді көрген.

Көршілердің бірі киімдерді жуып, пәтерінде жаятын орын болмаған соң, барлық су киімдерді кіреберіске іліп қойыпты.

Видеодан соңғы қабатта жайылып тұрған жейделерді, шалбарларды, орамалдарды байқауға болады.

Мұны көрген жергілікті тұрғындар қатты таңғалған.

Желі оқырмандарының арасында балағаттап пікір қалдырғандар да бар.

"Эволюция кері бара жатыр! Өркениетті қоғамда өмір сүргенімізбен, арасында артта қалып кеткендер де бар", "Тез арада ауылға көшу қажет", "Оларды хайуанаттар бағынан тұрғын үйге бекер көшіріпті", - деді желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774298-aktau-trgyndaryn-podezde-zajylyp-trgan-is-kiimder-tagaldyrdy-video/

pixel