RU

Қарағанды облысындағы жантүршігерлік жол апатында бір адам қаза болды

Бүгін сағат 15:00 шамасында Қарағанды-Дубовка елді мекені тас жолында жүк көлігінің қатысуымен жантүршігерлік жол апаты орын алды. Оқиғадан бір адам қаза болып, екеуі жарақаттанды деп жазады NUR.KZ.

Куәгерлер фотосы
Куәгерлер фотосы: Original

Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі NUR.KZ порталына жол апаты болғанын растады.

"Алдын ала мәлімет бойынша, "Мазда" жүргізушісі рульге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен. Ол "Газель" көлігімен соқтығысып қалды. Нәтижесінде, "Мазда" көлігінің жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды. "Газель" жүргізушісі мен жолаушысы ауруханаға жеткізілді" , - деп мәлімдеді полицияның баспасөз қыметі.

Қазіргі таңда, оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің үшінші бөлімі, 345 бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1774301-karagandy-oblysyndagy-zantrsigerlik-zol-apatynda-bir-adam-kaza-boldy.html