Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Насыбай, насыбай": Хит әнге пародия жасаған жігіттер желіні жарды (видео)

Опубликовано:

Ғаламтор кеңістігін шулатқан "Опмай-опмай" әніне пародия жасаған қазақ жігіттері көпшілікті күлкіге қарық қылды. Олар ел арасында қызу талқыға түскен өлеңнің сөзін өзгертіп , жаман әдетке жақын ер балаларды мазақ еткен деп жазады NUR.KZ.

Фото: Скриншот, Коллаж: NUR.KZ
Фото: Скриншот, Коллаж: NUR.KZ: Facebook

Отандық блогерлер хит әннің мәтінін әлеуметтік мәселеге сай етіп өзгерткен.

Олар "насыбай" деп аталатын зиянды заттың елімізде әркімге сатыла беретінін көрсетеді.

Оған қоса, жігіттер қоғамды улап жатқан жаман әдетті әзілмен жеткізіп қана қоймай, одан аулақ болуға шақырды.

Сонымен қатар, олар желі оқырмандарына аталмыш жазбаға осындай жаман әдетке жақын достарын белгілеуді тапсырған. Осылайша, блогерлар "насыбай ататындарды" әшкерелеуде.

Жас жігіттердің бұл видеосына желі оқырмандары жарыса пікір қалдыра бастаған. Олардың басым көпшілігі әзілі жарасқан бейнежазбаның күлкіге қарық қылғанын айтуда. Тағы бірі, олардың әлекметтік маңызы бар тақырыпты көтергені үшін мақтап та жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774314-nasybaj-nasybaj-hit-nge-parodia-zasagan-zigitter-zelini-zardy-video/

pixel