RU

"Мұның бәрі қойылым": Денис Теннің анасы сот үкіміне шағым түсірмекші

Оксана Тен ұлы Денис Теннің өлімі бойынша шығарылған сот үкіміне шағымданады деп хабарлайды Тengrinews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: juldyz.kz
фото: juldyz.kz: Facebook

Бұл ақпаратты жәбірленушінің адвокаты Нұрлан Өстеміров растады.

Қорғаушының айтуынша, шағым екі жағдайда қарастырылады.

Біріншіден, Оксана Тен "Толыбаева осы істе қылмыстық топтың барлық әрекетіне басшылық етті" деп санайды.

Сол себепті оны да "Адам өлтіру" бабы бойынша айыптау керектігін айтты.

Екіншіден, осы істегі басқа да бұзақыларды, осы қылмысқа көмек көрсетіп, барлығын ұйымдастырғандарға қатысты деректерді бөлек өндіріске алу қажеттігін жеткізді.

"Мен Оксана Алексеевның "айнаны ұрлау - қойылым" дегеніне келісемін", - деді Өстеміров.

Еске сала кетсек, Сот Арман Құдайбергенов пен Нұрлан Қиясовты Денис Теннің өліміне кәнілі деп танып, 18 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Ал, үшінші күдікті Жанар Толыбаева 4 жылға сотталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1774315-mny-bri-kojylym-denis-tenni-anasy-sot-kimine-sagym-tsirmeksi.html