RU
"700 адам": ШҚО-да тас жолда тұрып қалғандарға көліктері қайтарылды
Жаңалықтар Қоғам

"700 адам": ШҚО-да тас жолда тұрып қалғандарға көліктері қайтарылды

Рассказать Вконтакте

ІІМ-не қарасты Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет қазіргі таңда Алматы-Өскемен тасжолында не болып жатқанын айтып берді. Бұл бағытта 700 адам мен 230 көлік қарлы боранға тап болып, 300-ден астам адам эвакуацияланған деп жазады NUR.KZ.

Фото: onliner.by

Фото: onliner.by

Жағдай қолайсыз ауа райының салдарынан орын алған. Қатты боран болмас бір күн бұрын, барша қазақстандықтар 20 қаңтар күні желдің секундына 25 метрге дейін жететіні жөнінде СМС хабарлама алған болатын. Алайда, алдын ала ескерту оларды жолға шығудан айныта қоймаған.

20 қаңтарда түнгі уақытта 700 адам мен 230 көлік қарлы боранның астында қалып қойды.

ШҚО-ның Төтенше жағдайлар департаменті бірден адамдарды құтқару жұмыстарын бастап кеткен. Көмекке жергілікті әкімдік пен "Қазахавтодор" келді.

Таңғы 6.00 шамасында тасжолдан 312 адам қауіпсіз жерге көшіріліген. Оларды ауруханалар, мектептер, жатақханалар, колледждер, жергілікті кафелер мен тіпті Таскелен ауылы тұрғындарының үйіне орналастырған. Тасжол жартылай жабылды.

Сағат 12.00-ден кейін адамдарды эвакуацияланған жерлерінен өз көліктеріне қайтара бастады. Қазіргі таңда, барлығы өз темір тұлпарларына мініп, оқиға орнынан кетіп қалды.

Алайда, тасжолы бәрібір де толығымен ашылмаған. Қозғалыс ретке келтірілгенімен, қардан тазартуды талап ететін бөліктер әлі де бар.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel