RU
"Өлімге әкелген отырыс": Алматы облысында студентті пәтерінде пышақтап кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

"Өлімге әкелген отырыс": Алматы облысында студентті пәтерінде пышақтап кетті

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында колледж студентін өзінің таныстары пышақтап өлтірді. Өмірі қыршыннан қиылған жас жігіт Алматы технология-экономикалық колледжінің екінші курсында оқыған. Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

студент

Көрнекі фото: ru.depositphotos.com

Жантүршігерлік оқиға 20 қаңтар күні, таңғы сағат үштер кезінде марқұмның өз пәтерінде болған.

Студент Қарасай ауданы Жалпақсай ауылындағы үйіне бір топ таныстарын қонаққа шақырып, көңіл көтерген көрінеді. Отырыстың соңы дауға ұласып, қайғылы жағдаймен аяқталған.

Ал оқу орнының ұстаздары болса небәрі 17 жасында кісі қолынан қаза тапқан бозбаланың ешкімге зияны жоқ, момын студент болғанын мәлімдеді.

Алматы облыстық полиция департаменті бұл іске қатысты жаап берді.

«Аталған дерек бойынша қазіргі уақытта ҚР ҚК 99 –бабының бірінші тармағы, яғни, «адам өлтіру» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Студенттің өліміне күдікті 18 жастағы Қарасай ауданының тұрғыны қазіргі сәтте қамауға алынған», - деді баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахмет.
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
6
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel