RU

Жамбыл облысында есірткі сатқан трансұлттық қылмыстық топ тұтқындалды (фото)

Жамбыл облысында тәртіп сақшылары есірткі сатумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты анықтап, тұтқындады. Қылмыскерлер есірткіні Қырғызстаннан Қазақстанға тасымалдап жүрген деп жазады zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Жамбыл облысының полиция департаменті
Фото: Жамбыл облысының полиция департаменті: UGC

Облыстық полицияның мәлімдеуінше, қылмыстық топ мүшелері осыдан бірнеше күн бұрын Жуалы ауданы мен Астанада тұтқындалған.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында сегіз адам бар.

Құқыққорғау органдарының хабарлауынша, күдіктілер есірткіні Қырғызстаннан Қазақстанға тасымалдап тұрған.
Фото: Жамбыл облысының полиция департаменті
Фото: Жамбыл облысының полиция департаменті: UGC

Жедел іздестіру шарасы барысында полицейлер күдіктілерден 11 келілік үнді есірткісін тәрткілеген. Оны олар Қырғызстанда үш миллион теңгеге сатып алғаны белгілі болды.

Тұтқындалғандар уақытша тергеу изоляторына тоғытылған.

Оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары әлі жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1774324-zambyl-oblysynda-esirtki-satkan-translttyk-kylmystyk-top-ttkyndaldy-foto.html