Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шалқар чики-чики": Елді шулатқан шенеунік тілшілерге сөйлеуден қалған

Опубликовано:

Осыдан бірнеше жыл бұрын өзінен сұхбат алған тілшіге бас бармағын шошайтып, «Шалқар чики-чики» деген Аян Қорқытұлы БАҚ өкілдерінен әлі қашып жүр. Шенді азамат тілшілердің сұрағына жауап бермек түгілі, тіл қатудан қалған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

"Шалқар чики-чики": Елді шулатқан шенеунік тілшілерге сөйлеуден қалған
Фото: Хайреден Раушанов: Instagram

Ақтөбедегі облыс әкімінің активіне Шалқар ауданындағы кәсіпкерлік саласын басқарып отырған Аян Қорқытұлы да келді.

Жиында шенеунік өзімен тілдеспек болған тілшілерден тұра қашты. Ол өміріндегі өзгерістер мен танымалдылығына қатысты сұрақ қоятын журналистерге бұрылып та қарамады.

Осыған дейін Аян Қорқытұлы Шалқар аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін басқарып, аудандағы жағдайды бас бармағын шошайта «Шалқарда бәрі чики-чики» деп сұқбат берген болатын.

Басшы бұл әрекеті үшін тәртіптік кеңеске де тартылды.

Жиналыста Қорқытұлына келесіде аузынан шыққан әр сөзге абай болу керектігі ескертілген. Сонымен бірге, тағы бір артық сөз сөйленсе, оның бір күнде жұмыстан қуылатыны айтылды.

Бұл сын мемлекеттік қызметкерге қатты әсер етсе керек. Камераның алдында «Ақша берсе "мұрын боғын шашыратып" жұмсаймыз», - деп шалқайған шенді бүгінде сөйлеуден қалған.

Айта кетерлігі, елді шулатқан сұқбат 2015 жылы алынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774327-salkar-ciki-ciki-eldi-sulatkan-seneunik-tilsilerge-sjleuden-kalgan/

pixel