Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

87 мың тонна: Жайық өзенінде аса қымбат бекіре балықтар қырылып қалған

Опубликовано:

Жайық өзенінде қырылған балықтардың өлексесі 87 мың тоннадан асып кеткен. Олардың көбі аса қымбат бекіре тұқымдас балықтар. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасаған NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

lflflflf
Бекіре балықтары. Фото: Qamshy.kz: Instagram

Қазіргі сәтке дейін су асты тіршілік иелерінің жаппай қырылуының төрт ошағы анықталған.

90 мың тоннаға жуық желбезектілердің өлі табылуы Перетаско сағасында, Жайық өзенінде, «Жайық - Атырау бекіре өсіру» және «Луговой жылқы» зауытының аумағында тіркеліпті.

Тіптен тек бекіре өсіретін кәсіпорында нарықтағы қымбат балықтардың 81 мың тоннасы жойылған.

Экологиялық апаттан кейін құзырлы органдар ҚР ҚК кодекстің 328 және 336 баптары бойынша іс қозғады.

Жайық өзенінен алынған су сынамасында тіршілікке аса қауіпті химиялық заттардың бар екендігі анықталған.

"Әзірге белгісіз. Бірақ Атырау облыстық Экология департаменті хлорид суда мөлшерден тым көп екенін анықтап отыр.

Ауылшаруышылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті балықтың сынамасынан аммиактың көптігін анықтаған. Бұл - алдыңғы басты себептердің бірі.

Түгелімен тергеп-тексеру жұмыстары аяқталғаннан кейін не себепті балықтырдың  қырылғанын қортындылап, кінәлі тараптар анықталатын болады", - деді Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің  баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774338-87-my-tonna-zajyk-zeninde-asa-kymbat-bekire-balyktar-kyrylyp-kalgan/

pixel