RU
Жұбайымен ажырасып кеткен Шариповаға қатысты мәлімет пайда болды
Жаңалықтар Спорт

Жұбайымен ажырасып кеткен Шариповаға қатысты мәлімет пайда болды

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық танымал спортшы Фируза Шәріпованың өкілі Сергей Завилейский боксшы қыздың күйеуімен ажырасуы туралы жаңа мәліметпен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

ооаоаоао

Фото: materiale.pvgazeta.info

Отандық спортшы қыздың жүрегі бір жарым жылдан бері бос екен, бірақ көпшілік бұл туралы жақында ғана білді.

Шарипованың өкілі атап өткендей, әйелдер арасындағы бокс жұлдызы өзінің жұбайымен чемпион атағын алу үшін өткен алғашқы жекпе-жекке дейін ажырасып кетіпті.

Завилейскийдің айтуынша, күйеуімен қарым-қатынасты тоқтату Фирузаға өте қиын болса да, ол өзін-өзі қолға алып, бокстағы мансабын дамытуға көшкен.

Сонымен бірге, промоутер спортшы қыздың қазіргі уақыттағы басты мақсаты - абсолютті әлем чемпионы болу екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін біз Шарипованың күйеуі Денис Рыбакпен ажырасқанын хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
2
0
3
5
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel