RU

Миллионнан асады: Алматыда қыруар қаржы жоғалтқан адам іздестірілуде

Көпшілікке "Жаным баклажаным" лақап атымен танылған Айдын Тоқсанбаева Алматыда миллионнан астам ақшасын жоғалтып алған жанды іздеп жатыр. Әмиянды тауып алған қарапайым жігіт қомақты қаржыны белгілі блогерге әкеліп берген деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы Айдын өзінің Instagram парақшасында мәлімдеді.

Оның жазуынша, ақшаны тауып алған жас жігіт әмиянды толық көрсетіп, жоғалтқан жанды табуға көмектесуді сұраған.

Сонымен бірге, блогер әмиян иесін 8-702-333-74-45 номеріне xабарласуын сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1774344-millionnan-asady-almatyda-kyruar-karzy-zogaltkan-adam-izdestirilude.html