Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Керчь бұғазында екі кеме өртеніп, 11 адам қаза тапты (видео)

Опубликовано:

Керчь бұғазында Танзания туы бар "Канди" мен "Маэстро" атты екі кеме өртеніп кетті. Болжам бойынша, өрттің орын алуына бір кемеде болған жарылыс себепкер болған. Бірінен шыққан жалын екінші кемені де шарпыған. Оқиғадан қаза тапқандар бар деп хабарлайды ТАСС агентігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Керчь ФМ
Фото: Керчь ФМ: UGC

Соңғы мәліметтер бойыеша, қайтыс болғандардың саны 11 адамға жеткен. Росморречфлоттың мәліметінше, зардап шеккен экипаж мүшелері Керчь ауруханаларына жеткізілетін болады.

Бастапқыда бір кеменің бортында 17, екіншісінде 14 адам болғаны айтылған еді. Кейін екінші кемеде 15 адам болғаны анықталды. Олардың барлығы дерлік Түркия мен Үндістан азаматтары. Басқа мемлекет өкілдері ол кемелерде болмаған.

"11 адам қаза тауып, 12 жолаушы құтқарылды. Тағы тоғызы із-түзсіз жоғалған деп есептелуде. Жалпы алғанда 32 адам. "Маэстро" кемесінде Триполиден келген стажердің болғаны анықталды" , - деп мәлімдеді Росморречфлот өкілдері.

Төтенше жағдайдың орын алуына қауіпсіздік техника талаптарын ұстанбау себепші болған. Жарылыс бір танкерден екінші танкерге жанармай жеткізу кезінде орын алса керек.

Адамдарды құтқару шарасы әлі де жалғасып жатыр. Экипаждың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1774367-kerc-bgazynda-eki-keme-rtenip-11-adam-kaza-tapty-video/

pixel