RU
Ақмола облысында тұрғын 4 бірдей баласын бауырына баса алмай жүр
Жаңалықтар Қоғам

Ақмола облысында тұрғын 4 бірдей баласын бауырына баса алмай жүр

Рассказать Вконтакте

Ақмола облысының тұрғыны төрт бірдей баласын бауырына баса алмай, әділдік іздеуде. Әлібек Сұлтанов әйелімен он жыл бұрын әйелімен ажырасып кеткен. Алайда, бұрынғы жұбайы қайтыс болған соң да, ол туған балаларын ақыры қолына ала алмаған. Сот төртеуін де нағашыларына тәрбиелеуге берген деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото: Скриншот КТК, Коллаж: NUR.KZ

Фото: Скриншот КТК, Коллаж: NUR.KZ

Бүгінде төрт баласын өзіне қайтару үшін барын салып жүрген азаматтың қайын жұртына өкпесі қара қазандай.

Әлібек Сұлтановтың балалары өзінен он шақырым жерде орналасқан Қарашілік ауылында, нағашы тәтесінің қолында тәрбиеленіп жатыр. Алайда, оларды сағына барған әкені балдызы үнемі есік алдынан қайтарып жібереді.

"Өз балаларым ғой, өз қаным. Өз баламды өзіме қарсы қойып, жау қылғаны. Мені көрсе қашады көшеде. Мен оларға барып сәлемімді беріп амандасып, құшақтағым да келеді. Көмек бергім де келеді. Арақ ішпеймін, күнделікті жұмысым бар. 26 жылдан бері мұғалімдік жолда келе жатырмын" , - деп ашынды әке.

Әлібек Сұлтановтың сөзінше, ол балаларын іздеп барғанда балдызы оларды бөлмеден шығармай қояды. Оған қоса, Әлібек Сұлтанов қайын жұрты бүлдіршіндерді өзіне қарсы қойғанын да айтады. Әкесін көшеде көріп қалған балақайлар, одан бірден қаша жөнелетін болған.

Ал төрт баланы да өз қамқорлығына алған келіншек болса, жанайқайын жеткізген әкенің сөзін жоққа шығаруда.

"Қамқоршылыққа алған басқа сіңлім. Бірақ, бұл балалардың шешімі. Олар менімен тұрғысы келді. Ал әкесінің айтқанының бәрі өтірік. Ол балаларын іздемейді. Неге басқа жерде кездеспейді? Қане үйде шынжыр көріп тұрсыңдар ма? Байлап ұстап отырмын ба? Мені олар ана дейді, мен анасымын" , - деді Анар Кисемединова.

Соттың балаларды нағашыларының тәрбиесіне беру шешімін аудандық білім бөлімінің басшысы түсіндіріп берді.

"Шешім облыстық сот негізінде қаралады. Әкесінің құқығы қорғалды бірақ Сұлтанов Әлібек Теміртасұлы жазбаша түрде не қамқоршылық органына, не мамандандырылған сотқа арызбен шыққан жоқ" , - дейді Жангелді Төлегенов.

Әлібек Сұлтанов болса аудандағы басшыларға талай барғанын айтты. Оның сөзінше, қамқоршылық органындағылар оған бет бақтырмапты.

Ал ұстаздық жолдағы азғантай табысының 50 пайызынан 4 балаға алимент төлейтін әкенің, адвокат алып, сотқа жүгінуіне мүмкіндігі болмаса керек.

Дереккөз: КТК

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel