Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кеңес дәуіріндегі қазақтың ең сұлу актрисалары кімдер?

Опубликовано:

Кеңес дәуіріндегі қазақ фильмдерінен қолаң шашты, қиғаш қасты қазақтың хас сұлуларын тамашалауға болады. Талайдың жүрегіне шоқ түсірген қазақтың ең сұлу актрисалары жайлы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Меруерт Өтекешова. Фото:Sputnik / Иосиф Будневич
Меруерт Өтекешова. Фото:Sputnik / Иосиф Будневич: Instagram

Меруерт Өтекешова 1972 жылы түсірілген "Қыз Жібек" фильмінде басты рөлді сомдаған. Меруерт Өтекешева мен Құман Тастанбеков экранға алып шыққан ғашықтық хикаясы көрермендер жүрегінен орын тапты. Ал кейін фильм кейіпкерлері өмірде шаңырақ көтерген.

Торғын Тасыбекова. Фото:© Sputnik / Н. Демешев
Торғын Тасыбекова. Фото:© Sputnik / Н. Демешев: Instagram

Торғын Тасыбекова - 1966 жылы түсірілген "Ән қанаты" фильмінде Сәбираның рөлін сомдаған.

Айта кетейік, бұл Қазақстан киносының алтын қорына енген айшықты образдардың бірі.

Шолпан Алтайбаева. Фото:© Sputnik / Н. Демешев
Шолпан Алтайбаева. Фото:© Sputnik / Н. Демешев: Instagram

Қазақ кинематографының жұлдызы Шолпан Алтайбаева бірнеше рөлі арқылы танымал болып, сұлулықтың символына айналды.

"Ата-бабалар жері", "Ән қанаты", "Тақиялы періште" – актерлік шеберлігімен бұл фильмдердің көркін ашқан.

Раиса Мұхамедиярова. Фото: Sputnik / Иосиф Будневич
Раиса Мұхамедиярова. Фото: Sputnik / Иосиф Будневич: Instagram

Данагүл Темірсұлтанова 1986 жылы "Қазақфильм" түсірген "Асу" фильмінен соң танымал жұлдызға айналды. Дарынды актриса Мұхтар Әуезов атындағы театр сахнасында алуан туралы әйел бейнесін сомдады.

Ол бүгінгі таңда да көпшілікке кеңінен таныс. Елімізді таспаланған комедиялық фильмдерде актриса өзінің шеберлігін көрсетуде.

Данагүл Темірсұлтанова. Фото: Sputnik / Галина Кмит
Данагүл Темірсұлтанова. Фото: Sputnik / Галина Кмит: Instagram

Гүлнара Досматова 1979 жылы түсірілген Абдола Қарсақбаевтың "Даладағы қуғын" фильмінде Айгерім рөлін сомдайды.

Бұл актрисаның өміріндегі алғашқы түсірілімі. Осыдан кейін Гүлнара Досматова "Тоғысқан тағдырлар", "Қара шегіртке" телехикаяларына түсті. Қазіргі таңда актрисаны елімізде түсірілетін комедиялық жанрдағы фильмдерден байқауға болады.

Гүлнара Досматова. Фото:kino-teatr.ru
Гүлнара Досматова. Фото:kino-teatr.ru: Instagram

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1774380-kees-duirindegi-kazakty-e-slu-aktrisalary-kimder/

pixel