RU
Шымкентте мас жүргізуші әйел адамды қағып кетті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкентте мас жүргізуші әйел адамды қағып кетті

Рассказать Вконтакте

Шымкентте мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізуші үш көліктің зақымдануына себеп болып, 59 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті деп хабарлайды Отырар арнасы.

vnovgorode.ru

Көрнекі фото:vnovgorode.ru

"БМВ 520" көлігінде отырған мас жүргізуші алғашында "Фольксваген" көлігін соққан. Сөйтіп оқиға орнына ізін суытпақ болған.

Тәртіп бұзушының соңына полицейлер түсіп, қуып келе жатқанда мас жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан 59 жастағы әйел адамды қағып кеткен. Соған қарамастан ол қашуда жалғастыра берген.

Республика даңғылына жеткенде ер адам тағы екі көлікпен соқтығысқан, осы сәтте оны полицейлер құрықтаған.

Куәгерлердің сөзінше, мас жүргізуші адам қаққанын есіне түсіре алмаған.

Көлік қаққан әйел адам ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Полицейлер мас жүргізушіні құрықтады. Қазір тексеру амалдары жүріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel