RU
101 жастағы әжей бір оқпен екі бұғыны жайратып салды
Жаңалықтар Калейдоскоп

101 жастағы әжей бір оқпен екі бұғыны жайратып салды

Рассказать Вконтакте

Аңға шыққан АҚШ-тың Моргантаун қаласының 101 жастағы тұрғыны бір оқпен екі бұғыны атып алған. Бұл туралы WHNT-TV телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Clarion Ledger

Фото: Clarion Ledger

Моргантаун қаласында тұратын Берта Викерс есімді 101 жастағы әжей туыстарымен аң аулауға шыққан.

Ол жақындары алдын ала ойластырған панаға жасырыныпты.

Әжейдің қасына жас бұғы жақын келген.

Бірақ қарт аңшы оны атқысы келмей, басқа үлкендеу бұғыны күтіпті.

Ойындағысы көз алдына көрінгенде жануарды нысанаға алып, шүріппені басып қалған.

Барып қарағанда жерде бір емес екі бұғының құлап жатқанын байқапты.

Екі жануар сол уақытта қатарласып келе жатқан екен.

Фото: Brian Broom/Clarion Ledger

Фото: Brian Broom/Clarion Ledger

Сіздің реакцияңыз
0
4
1
4
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel