RU
Жағажай киімімен тауға шығып танылған ару ажал құшты
Жаңалықтар Әлемде

Жағажай киімімен тауға шығып танылған ару ажал құшты

Рассказать Вконтакте

Ғаламторда жағажай киімімен тауда қыдырып, танылып жүрген Тайбэй тұрғыны У Цзиюнь Тайваньдағы "Юйшань" ұлттық қорығында көз жұмды деп хабарлайды РИА Новости.

Фото: Facebook

Фото: Facebook

Тау басына шығып жатқанда 36 жастағы туристің спутникті телефоны болған. Ол құтқарушыларға хабарласып, 20 метрлік биіктіктен құлағанын, енді өздігінше қимылдай алмайтынын жеткізіпті.

Алайда ауа райының қолайсыздығынан тікұшақ ұша алмай, құтқарушылар жаяу баруға мәжбүр болған.

Алдын ала болжам бойынша, келіншек шатқалда 40 сағаттан артық жатып, үсіп қалған.

Тайвань орталық ақпарат агенттінің ақпараты бойынша, У Цзиюнь "Юйшань" қорығына кіріп, 11 қаңтар күні Батунгуань соқпағымен 24 қаңтарға дейін көтерілуді жоспарлаған.

Жергілікті билік өкілдері бойжеткеннің Юйшань сынды биік тауға (3592 метр) көтерілуге рұқсаты болмағанын айтады. Алайда арудың дәл қай нүктеге бағыт алғаны белгісіз.

У Цзиюнь кәсіби альпинист болмаған. Өз сұхбаттарының бірінде ол хоббиі бәстесуден кейін пайда болғанын айтыпты. Оның шарты бойынша, бойжеткен тауға шығып, жағажай киімімен суретке түсуі керек болған екен. Төрт жылда марқұм 100 -ден аса тауға шығып, 97 жағажай киімімен кадр жасаған көрінеді.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel