RU
"Еш кінәсі жоқ": Белгілі экстрасенс төсін жалаңаштаған аруды жақтап шықты
Жаңалықтар Қоғам

"Еш кінәсі жоқ": Белгілі экстрасенс төсін жалаңаштаған аруды жақтап шықты

Рассказать Вконтакте

Танымал экстрасенс атышулы Шырын Нарчаеваны кінәламауға шақырды. Айтуынша ұлттық сәукеле киіп, төсін жалаңаштаған жас ару мұндай әрекетке білместіктен барған екен деп хабарлайды NUR.KZ.

Коллаж: NUR.KZ

Коллаж: NUR.KZ

"Битва экстрасенсов" жобасының қатысушысы Әлия Сәлімова осындай әрекетке барған Нарчаеваның әрекетінен қоғам сабақ алу керектігін айтты.

"Шырын әлі жас, қоғам алдында өз әрекетіне жауап беретін дәрежеге жетпеді. Сондықтан бүкіл ел, халық болып жалғыз оны кінәлаудің қажеті жоқ. Жарайды балалықпен осындай әрекетке барды делік, сонда оны тәрбиелеген ұстаздары, жақындары қайда қарап отыр?
Егер оның осындай балалықпен істеген шалалығына ешкім мән бермесе, қоғам бұл мәселеге осыншалықты дүрлікпес еді ғой? Бірақ бәрі біз ойлағандай болмады. Керісінше, еркек біткеннің бәрі, тіпті халықтың дені оның сол суретіне лүпіл басып, сынаумен болды. Сондықтан бәрімізге сабақ болды деп есептеймін. Әсіресе Шырынды тәрбиелеген мектебі мен ұстаздары осы оқиғадан үлкен сабақ алуы тиіс", - дейді экстрасенс.

Сонымен бірге Әлия Сәлімова Шырынды осындай әрекетке ғаламторда көптеген "керексіз" ақпарат мен видеолардың бар болуынан барды деген болжам айтты.

"Шырын бар болғаны сондай сурет жүктеп, лүпіл жинауды ғана мақсат тұтқан. Әлі буыны қатпаған өрімдей жас қызға осылай жапа-тармағай сын айтудың қажеті жоқ еді. Жастар әрдайым үлкендерден өнеге алуы керек. Сол ересектердің өздері де тәндерін жалаңаштап желіге фото-видео жариялап жүр ғой?

Енді жас буыннан не сұраймыз? Өзіміз нені көрсетсек, олар соны іліп әкетіп жатыр. Осылай сынап-мінеудің орнына ересектер оған ақыл айтып, кеңес беру керек еді. Әрине оған ақыл айтуға әлі де кеш емес", - деп сөзін аяқтады Әлия Сәлімова.

Сіздің реакцияңыз
19
1
2
0
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel