RU

Эскалатордан құлап кеткен 9 айлық сәби ғажайыптың күшімен аман қалды

Қытайдың Уси қаласында эскалатордан құлап кеткен тоғыз айлық нәрестені ер адам құтқарып қалды. Бұл туралы Life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Facebook

Оқиға Уси қаласындағы сауда орталықтарының біріндегі бақылау камерасына түсіп қалған.

Видеодан "ходунокпен" жүрген сәбидің дүкеннен шығып, экскалатордан құлап кеткенін байқауға болады.

Бұл жағдайды 22 жастағы Ван Хао байқап қалып, баланы сол сәтте құтқарыпты.

Нәтижесінде тоғыз айлық сәби ауыр жарақат алмаған.

Баланың анасы Лю Сяоянь Қытайдың орталық телеарнасында құтқарып қалған жігітке алғысын жаудырған.

"Ол өте жақсы жігіт. Мен шын жүрегіммен алғысымды білдіремін", - деді баланың анасы.

Сондай-ақ, Лю Сяоянь нәрестені неге қараусыз қалғанын түсіндірмепті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1774418-eskalatordan-klap-ketken-9-ajlyk-sbi-gazajypty-ksimen-aman-kaldy.html