Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жоғарғы сот Челахқа қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды

Опубликовано:

Жоғарғы сотта Владислав Челахтың қылмыстық ісі оның өтініші бойынша қысқа мерзімде қаралды. Қорғаушы мен прокурор тыңдалғаннан кейін судья кеңесу бөлмесіне кетіп, бірнеше минуттан соң үкіммен оралды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: justmedia.ru
Фото: justmedia.ru: Facebook

Төрағалық етуші судья Рахметуллин сот алқасының ұйғарымын оқыды. Онда Владислав Челахтың үкімін өзгеріссіз қалатыны айтылған.

Сондай-ақ, сот Владислав Челахтың өтінішін қанағаттандырусыз қалдыруды дұрыс деп тапқан.

Бұл сотталған азаматқа үкімнің күшін жоюдан, қосымша тергеу жүргізуден, сондай-ақ бұзылған құқықтары үшін 30 млн теңге көлемінде өтемақы беруден бас тартқанын білдіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774420-zogargy-sot-celahka-katysty-kimdi-zgerissiz-kaldyrdy/

pixel