RU
Қазақстанда 63 мың теңгеден аз алатын тұрғындардың жалақысы өсті
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда 63 мың теңгеден аз алатын тұрғындардың жалақысы өсті

Рассказать Вконтакте

Елбасының тапсырмасымен жалақысы 63 125 теңгеден төмен қазақстандықтардың салық жүктемесі 10 есеге төмендетілетін болады. Енді екі миллионға жуық жумысшы жылына 15 мың теңгеге дейін қосымша кіріс алмақ. Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Prodengi.kz

Фото: Prodengi.kz

Президенттің бес әлеуметтік бастамасының бірі – жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту болатын.

Өзгерістер бірінші қаңтардан бастап заңдық күшіне енгенін бүгін үкімет отырысында Ұлттық экономика бірінші вице-министрі хабарлады.

"Салық кодексінде жалақысы 63 125 теңгеден төмендер үшін тәртіп өзгерді. Олардың салық жүктемесі 10 есе төмендетілді және екі миллионға жуық жұмысшы жылына 15 мың теңгеге дейін қосымша кіріс алатын болады", - дейді Дәленов. 

Сіздің реакцияңыз
6
0
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel