RU
Семейде компьютер "тышқанын" ұрлады деп айыпталған қыздар оқудан шығарылған
Жаңалықтар Қоғам

Семейде компьютер "тышқанын" ұрлады деп айыпталған қыздар оқудан шығарылған

Рассказать Вконтакте

Семейде "ұрлық жасады" деп медициналық университеттен шығарылған қыздар, ақталып оқуға қайта қабылданды деп хабарлайды Айқын газеті.

Фото: aikyn.kz

Фото: aikyn.kz

Семейде өткен жылдың 21 желтоқсан күні медуниверситеттің кітапханасында компьютердің "тышқаны" жоғалған.

Университет әкімшілігі екі студент қызды "айыпты" деп танып, оқудан шығарып жіберіпті.

Содан олар аталған жағдайды әлеуметтік желіде аттарын көрсетпей баяндап берген.

Арнайы тексеру барысында екі студент қыз сабаққа дайындалу үшін "тышқанды", кітапхананың басқа бөлмесіне апарып, сонда ұмытып кеткені анықталды.

Семейдегі медициналық университеттің ректоры Ерсін Жүнісов қалалық маслихатта екі студенттің ақталғанын айтып, оқуға қайта қабылданғанын жеткізді.

"Біздің ішкі жағдай болғандықтан ұстаздар да, студенттер де әлеуметтік желіге шыққан жоқ еді. Бірақ, бұл оқиға орын алғаны туралы әлеуметтік желіге қалай тарап кеткені белгісіз болып тұр", – деді ректор.
Фото: aikyn.kz

Фото: aikyn.kz

Сіздің реакцияңыз
6
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel