RU
Тұрсынбек Қабатовқа тікелей эфирде күйеуі бар келіншек сөз салды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Тұрсынбек Қабатовқа тікелей эфирде күйеуі бар келіншек сөз салды (видео)

Рассказать Вконтакте

"Өз ойым" бағдарламасының тікелей эфирінде қызықты жайт орын алды. Рэп оқитын ақын қыз отбасылы Тұрсынбек Қабатовқа сезімін білдірді. Оған қоса, Сәнім есімді ару өзінен әлдеқайда үлкен ағасына деген махаббатын күйеуінің көзінше жеткізді деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram. Коллаж: NUR.KZ

Фото: Instagram. Коллаж: NUR.KZ

Қабатовқа деген ғашықтық сезім жайлы айтылған әннің сөзін рэп орындаушы қыздың жолдасының өзі жазып берген болып шықты.

Алайда олар бұл өлеңді қалжың ретінде жазғанын түсіндірді. Бұл әрекеті арқылы өнер иелері "хайп" жасамақ ниетте болған. Өз танымалдылығын арттыру үшін олар барын салғаныдарын жасырмады.

"Мен сізді өлердей сүйемін, Тұрсынбек аға, Тұншықтырғым келеді сізді құшағымда, Заттыбек аға, сізді де қатты сүйемін, Егер де мені көрсеңіз ғашық боласыз, білемін" , - деп жазылған әннің мәтіні.

Айта кетерлігі, бұл ән осыдан бес жыл бұрын жарыққа шығыпты. Желіге тарап кеткен туындыны орындаған қыз одан кейін Тұрсынбек Қабатовпен бір бағдарлама түсірілімінде кездесіп қалғанын айтты.

Сіздің реакцияңыз
23
1
1
1
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel