147 теңге: Алматыда АИ-92 жанармайының бағасы арзандап кетті
Алматының жанармай бекеттерінде халық сұранысындағы АИ-92 бензинінің бағасы төмендеді деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігі.

Көрнекі фото:time.kz
Бүгін Алматының ірі жанармай құю бекеттері АИ-92 жанармайының бағасын 156 теңгеден 152 теңгеге төмендетті.
"ҚазМұнайГаз" бен "Гелиоста" АИ-92 152 теңгені көрсетіп тұр.
Ал "Роял Петрол" және "Синойл" бекеттерінде көпшілік сұранысындағы жанармай маркасының құны 149 теңгеге түскен.
Ал Petrol Asia бекетінде АИ-92 жанармайы 147 теңгеден сатылуда.
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
4
0
Тағы да оқыңыздар
Пікір