RU
Өскеменде 18 жастағы қыз жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Өскеменде 18 жастағы қыз жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Рассказать Вконтакте

Өскеменде 18 жастағы Юлия Васильева із-түссіз жоғалып кетті. Ол бірнеше күн бойы туыстарына байланысқа шықпаған деп жазады YK-news.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: yk-news.kz

Фото: yk-news.kz

Юлияның туыстарының айтуынша, оны соңғы рет 16 қаңтар күні көрген.

Бойжеткен колледжге кеткеннен үйіне оралмапты. Туыстары Юлияның телефоны сөндірулі болғандықтан хабарласа алмай отыр.

Анасы үйі "нефтебазы" ауданында орналасқанын, ал Юлияның колледжі Бажова көшесіндегі 14 үйде екенін айтты.

Жақындары құқық қорғау органдарына арыз жазыпты. Бірақ әзірге ешқандай нәтиже жоқ.

Фото: yk-news.kz

Фото: yk-news.kz

Юлия соңғы рет үйден шыққанда күртке, тоқылған бас киім және қара түсті етік киіп шыққан. Қолында қоңыр сөмкесі болыпты.

Туыстары қызды көрген-білгендер болса 8-777-633-91-02 немесе 102 хабарласуды сұрайды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel