Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында үш млн теңге пара алды деген күдікпен аудан әкімі ұсталды

Опубликовано:

Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімі мен оның орынбасарына қатысты сот алды тергеу жұмыстары басталып кетті. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлімдеді деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: www.natpress.net
Көрнекі фото: www.natpress.net: Facebook
"Ол ЖШС директорынан өзінің орынбасары арқылы 300 гектар аумақты құрайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімін жалға беру мерзімін ұзарту үшін үш млн теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде.
Оқиға орнын тексеру нәтижесінде әкімнен екі млн теңге тәркіленді. Одан бөлек, осыған дейін алынған бір млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражаттың бір бөлігі табылды", - деді Жанна Бастарова брифингте.

Қазір аудан әкіміне күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданған.

Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетерлігі, Ақмола облысы Зеренді ауданының әкімін сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро қызметкерлері ұстаған.

Артынша Ақмола облыстық соты тергеу судьясы күдікті Мереке Мұстафинге екі айға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялағанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1774506-akmola-oblysynda-s-mln-tege-para-aldy-degen-kdikpen-audan-kimi-staldy/

pixel