RU
Бұрынғы ҰҚК басшысы Дүтбаевтың қамауда отыру мерзімі қысқарды
Жаңалықтар Қоғам

Бұрынғы ҰҚК басшысы Дүтбаевтың қамауда отыру мерзімі қысқарды

Рассказать Вконтакте

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевтың түрмеге қамалу мерзімі қысқартылды деп мәлімдеді оның адвокаты Негмат Исергепов. Бұл туралы "Азаттық Радиосына" сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

ruseu.org

Фото:ruseu.org

Құқық қорғаушының сөзінше, бүгін 22 қаңтар күні Жоғарғы соттың кассациялық алқасы Дүтбаевқа қатысты шешім шығарған.

Олар оның түрмеге қамалу мерзімін 12 жылдан 11 жылға қысқартыпты.

Адвокат сот жабық өткендіктен іске қатысты басқа мәлімет бере алмайтынын алға тартты.

Еске сала кетейік, өткен жылдың қаңтар айында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Нартай Дүтбаевке үкім шығарылған болатын.

Қылмыстық кодекстің 185 бабының 3-тармағы "Мемлекеттік құпияны жария ету" және 362 бабының 3-тармағы "Билік пен қызметтік бабын асыру" бойынша Дүтбаев Нартай Нұртайұлы 12 жылға сотталған болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
2
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel